БҮГІН АСТАНАДА «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ IV СЪЕЗІ АШЫЛАДЫ

Съездің басты мақсаты - «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын талқылау. Делегаттар пікірталас алаңдарында ашық әңгіме өткізіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салады. Сондай-ақ, жастар саясатын дамыту жолдары да кеңінен талқыланбақ. Съезд жұмысы екі күнге жалғасады. Алқалы жиын соңы «Жаңа әлемге жол саламын» гала-форумына ұласады.