Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАСТАР ТЕЛЕАРНАСЫ ТҰСАУЫН КЕСТІ

ЖАСТАР ТЕЛЕАРНАСЫ ТҰСАУЫН КЕСТІ

   Орталық коммуникациялар қызметінде «J1–Jastar1»  жастарға арналған жаңа телевизиялық арнаның тұсаукесері өтті.
Шараға арнаның бас директоры Ильяс Ысқақов, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов,«J1» (Jastar1) телеарнасы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Галия Човдурбаева және«J1» (Jastar1) телеарнасының креативті продюсері Алпамыс Шаримов қатысты.
«J1–Jastar1» телеарнасы Қазақстан жастарының талаптарын қанағаттандыратын заманауи телевизиялық трендтерді тарататын, жастардың жобаларын, ой-пікірлерін қолдауға, сонымен қатар олардың арасындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жаңа форматтағы арна. Телеарна 2018 жылдың 28 наурызында ID TV платформасында, YouTube және Instagram әлеуметтік желілерінде іске қосылды. Болашақта Отау ТВ кабель жүйесі арқылы таратылуы жоспарлануда.
«J1–Jastar1» телеарнасы, ең алдымен, 14-29 жас аралығындағы жастарға бағытталғанымен, оқушылар, студенттер, жас мамандар мен түрлі қызмет аясында жұмыс атқаратын жұмыскерлер сынды жас ұрпақтың ойына немқұрайлы қарамайтын барлық жандар үшін де қызықты болмақ.
Арнаның форматы – бұл жастар өміріндегі маңызды және қызықты оқиғалар. Телеарнаның контенті өзіндік өндірістегі ас үйі, сән және сұлулықтан бастап шытырман, тылсым оқиғаларға, спортқа, телехикаялар мен әлемдік кинематографияның хиттеріне, әлеуметтік реалити мен отбасылық қарым-қатынас, бақыт, бала тәрбиелеу және денсаулық туралы ток-шауларға толы танымдық, білімдік, публицистикалық және ойын-сауықтық бағдарламалардан тұрады. Бағдарламаларда тек жастардың мәселелері, мүмкіндіктері мен өзін-өзі танытуы қарастырылады.
«J1–Jastar1» телеарнасы – бұл бүгінгі таңда жастардың өзіне арнаның мазмұнын толтыруға мүмкіндік беріп отырған, еш арналарға ұқсамайтын  ашық алаң ұсынған бірегей ерекше телеарна.
29 наурыз 2018 ж. 1 509 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам