«РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ» АЯСЫНДА ӨТЕТІН ШАРАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың төрағалығымен 18 қазан – рухани келісім күні аясында өтетін шаралар пысықталды.
1992 жылы 18 қазанда Алматы қаласында Әлемдік Рухани Келісім конгрессінің бірінші сессиясында 18 қазан күнін Рухани Келісім Күні деп атау жөнінде шешім қабылданған болатын. Осы уақыттан бері жыл сайын 18 қазан «Рухани келісім күні» ретінде аталып өтіледі.
Аталған шараны жоғары деңгейде атап өту мақсатында облыс әкімдігінде іс-шара жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес облыс орталығында «Рухани келісім» күні аясында республикалық ғылыми-тәжірибиелік конференция, діни бірлестіктер арасында шығармашылық сайыс, «Рухани келісімнің Қазақстандық үлгісі» тақырыбында этномәдени орталық белсенділерімен дөңгелек үстел, «Рухани адамгершілік – рухани дәстүрдің негізі» тақырыбында жастармен кездесулер ұйымдастыру, түсіндірме жұмыстар, тәрбиесі қиын және құқық қорғау органдарында есепте тұрған жастарды түрлі бағыттағы спорттық-сауықтыру секцияларына тарту, спорттық шаралар, «Дін мен діл» телебағдарламасында «Зайырлы мемлекеттің рухани болмысы» тақырыбында сұхбаттар, діни ғибадат үйлері, бейіттер мен қорымдарға сенбіліктер ұйымдастыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жоспарға енгізілді.