ДЗЮДОДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Сайыс Астана қаласының 20 жылдығы, Сырдария ауданының 90 жылдығы жəне Бесарық ауылындағы №147 орта мектептің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған. Облыстық турнирдің өтуіне аудан əкімдігі қолдау көрсетсе, "Абай Дəулет" ЖШС-і демеушілік жасап ұйымдастырған.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан əкімінің орынбасары Б.Өтегенова құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сəттілік тіледі.
Аталмыш жарысқа əр облыстағы аудандардан 12-13 жастағы жасөспірім ұлдар және 15-16 жас аралығындағы қыздар қатысты. Облыстық турнир өз дəрежесінде өткізілді.
Дзюдодан өткен жарысты №147 орта мектеп директоры Г.Муталов қорытындылады. Қатысқан спортшыларды жеңістерімен марапаттап, жылы лебізін жеткізді.
№147 орта мектептің оқушысы Аружан Жақсыбаева 1-орынға ие болды. Ал, Қасымхан Әлібекұлы 2-орынды қанжығасына байлады. Ерсейіт Мусаұлы мен Шахиризада Жаңабаева 3-орынды місе тұтты.
Айтолқын АЙТЖАНОВА