Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕС МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕС МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Жолдауында көрсеткендей жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғасып, түбегейлі жою мақсатында жұмыстар үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы бағытта қалалық білім бөлімінде білім саласының қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Мұндағы мақсат сыбайлас жемқорлық қатерлеріне талдау жасау және қылмыстық бұзушылықтың алдын-алу болып табылады.
 – Жалпы білім саласында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықтар соңғы үш жылда қызметтеріне тікелей қатысты болып отыр. Мәселен, білім ұйымдарына қызметке орналасумен, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарына  мемлекеттік тапсырысты орналастыру барысындағы қаражаттың жұмсалуымен байланысты. Мәселен, 2015-2017 жылдар аралығында аталмыш бағыттар бойынша бірнеше құқықбұзушылықтар орын алды. Өткен жылдары мемлекет қаржысын талан-таражға салу фактілері де кездесті, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Ниязов.
Сонымен қатар, басқарма басшысы сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы тұрып, күресе білу үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
30 наурыз 2018 ж. 1 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам