ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖАС КӨМЕКШІЛЕРІ ОТРЯДЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облыстық білім басқармасы, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Жергілікті полиция қызметінің бірлесіп ұйымдастыруымен №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында 2018 жылғы 30 наурыз күні «Полицияның жас көмекшілері» отрядының І облыстық форумы» өткізілді.
Аталған шараның мақсаты - білім және тәрбие беру бағытында мүдделі мемлекеттік органдарымен серіктестікті дамыту, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және құқықтық сана-сезімін арттыру, «Полицияның жас көмекшілері» жасақтарының қызметін жандандыру, қатарын көбейту, мектеп оқушыларын құқық бұзушылықтың алдын алуға тарту, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайлардың себептері мен шарттарының алдын алу.
Форум барысында «Менің елімнің болашағы – менің қолымда» атты құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған облыстық шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтарға нашақорлық пен құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында өткізілген байқау жұмыстары таныстырылды.
Сонымен қатар, шара кезіндеоблыстық байқаулардың жеңімпаздары, Қызылорда қаласы мен аудан мектептерінен 80-ге жуық оқушылароблыстық үздік эссе, плакат, фотосуреттер байқаулары қорытындысымен марапатталды.
Шара №9 және №10 «Білім-инновация» лицейінің оқушыларын жас жасақшылар қатарына мүшелікке қабылдаумен қорытындыланды. Жаңадан мүшелікке қабылданған оқушылар ант қабылдап, төсбелгі тақты.
Патриоттық әндер орындалып, жасұландықтардың әдеби-патриоттық монтажы көрсетіледі. Марапат иегерлерімен естелік суретке түсу рәсімі өткізілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі