Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 18 ЖАСТАҒЫ БОЙЖЕТКЕН КИКБОКСИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ БОЛДЫ

18 ЖАСТАҒЫ БОЙЖЕТКЕН КИКБОКСИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ БОЛДЫ

  Кикбоксингтен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары екі алтын, екі күміс және бір қола медаль иемденді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметке қарағанда, фул-контакт бойынша 54 кг салмақ санатында Евгений Павлов бірінші орынды жеңіп алды. Қыздар арасында 70 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсеткен 18 жастағы Жансұлу Қажауова да алтын медаль алды. Ол Қазақстанның жастар құрамасының құрамына кіреді.
«Біз оны жарысқа осы айда Өскеменде өтетін жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына дайындау үшін әкелген едік. Ал ол ересектер арасында қиын үш жекпе-жек өткізіп ел чемпионы болды», – дейді кикбоксингтен облыстың аға бапкері Әділ Нұржауыпов.
Күміс жүлдені 91 кг санатында Нұрсұлтан Жәулетбаев, 70 килограмға дейінгі салмақта Дарина Бильденова қоржынға салды. Ал 51 кг санатында өнер көрсеткен Нұрлан Алдабергенов қола жүлдемен шектелді.
Турнирге еліміздің барлың өңірінен 195 спортшы қатысты. Чемпионат биыл Италияда өтетін Әлем кубогына іріктеу кезеңі міндетін атқарды.
03 сәуір 2018 ж. 1 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам