Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КРАН ЖҮРГІЗГЕН КЕЛІНШЕК

КРАН ЖҮРГІЗГЕН КЕЛІНШЕК

   Қазіргі уақытта бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін аналардың ерлермен иық тірестіріп бірге қызмет жасауы таңқалдыра қоймайтын көрініске айналды. Ал, белкөлдік Гүлнұр Жұбанышова бүгінде ер-азаматтармен бірдей ауыр өндірісте 31 жылдан бері краншы болып еңбек етіп келеді. Ол 1960 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Ақтөбедегі №7 техникалық училищені тәмамдаған.
Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентіне келін болып түскен кейіпкеріміз осындағы теміржолшылар мекемесінде 1987 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
«Әйел жаны – қырық шырақты» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қайсар қыздарға кенде емес. Теміржол саласы көпшілікке тек ер азаматтарға ғана тиесілі жұмыс болып көрінуі мүмкін. Әйел адамы үшін краншы кәсібін атқару оңай емес. Себебі, ол дәлдік пен аса сақтықты қажет етеді. «Сырт көз сыншы» демекші кейде сырттан көрген кісілер әйел адамның кранда отырғанына таңғалады. Нәзік жандылар үшін бұл кәсіп үлкен жауапкершілікті талап етеді.
– Бала кезде дәрігер болуды армандадым. Алайда, әкем осы салаға келуімді қалады. Қазір оған еш өкінбеймін. Себебі, отыз бір жыл бауыр басқан кәсібім мен өз отбасымдай болған ұжымымды қимаймын. Алғаш биік кранға қалай көтерілгенім, сол кездегі қатты қобалжығаным барлығы есімде. Ұжымға үйренгенім, бауыр басқаным соншалық бұл кәсіптен кеткім келмейді. Әрине, краншы болу – жеңіл жұмыс емес. Ол – ауыр, қызық әрі жауаптылық пен шыдамдылықты талап ететін мамандық, – дейді кейіпкеріміз бізбен әңгімесінде.
Ибалы келін, аяулы ана, ақ жаулықты әженің Алла қосқан жары да осы кәсіпті меңгерген. Мұндай жұмыстың оңай емесі кімге болса да анық. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен ананың жүрегінің жылуы арқылы беріледі. Қазір екі баласына өз нұрын шашып, адал тәрбиесін беріп отырған ана. Жұмысы мен отбасылық салтын бұзбай барлығын қатар алып, көпке үлгі бола білген Гүлнұр қазір 4 немеренің ардақты әжесі, бір әулеттің ақылман анасына айналған.
 
Таңшолпан КЕНЖЕБАЕВА,
ҚМУ-дің  IV курс студенті.
03 сәуір 2018 ж. 1 425 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам