Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЛЕМНІҢ РУХАНИ ЕЛШІСІ

ӘЛЕМНІҢ РУХАНИ ЕЛШІСІ

  Сыр өңірінде тұңғыш рет халықаралық балдық би турнирі өткізілді. Астана қаласының 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған облыс әкімінің кубогы үшін өткен "Qyzylorda open–2018" атты турнирді облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған.
"Евразия" спорт кешенінде өткен би сайысына Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен және Астана, Тараз, Шымкент, Қарағанды қалаларымен қатар еліміздің басқа да облыстарынан 500-ге тарта балалар, жастар және ересек топтары қатысты.
Би – тілсіз өнер. Мұнда адам ойындағы, жүрегіндегі жазуды би қимылымен жеткізе білу басты шарт. Ол үшін қолдың, дененің, саусақтың, буынның әр қимылы үлкен рөл ойнайды. Шығармашыл жастардың өнерін шыңдауға бағытталған байқауда баяу вальс, танго, факстрот, квикстеп секілді еуропалық және самба, ча-ча-ча, румба, джайв сияқты латынамерикалық би түрлері көрініс тапты.
Жарысты 4 жастан асқан бүлдіршіндер бастады. Сағат тіліне қарсы бағытта шыр көбелек айнала билеген балғындардың икемді, ырғақты қимылы көпшілікті сүйсіндірді. Одан соң сайыс алаңына жасөспірімдер шықты. Латын Америкасының билерінің ішінде тек самба мен пасодобль билері ғана сызық бойымен қозғалу арқылы орындалады. Ал қалған билерді орындау барысында бишілер бір орында қалады.
Би өнері – әлемнің рухани елшісі. Соның ішінде бал билері – нағыз сәнді спорт түрі. Спортқа жатқызатын себебі ол көп энергияны, күшті, табанды жаттығуды қажет етеді. Шынын айту керек, ол бізде жеткілікті деңгейде дамымаған. Ал мұндай шаралар жастардың балдық би түрлеріне деген қызығушылығын оятатыны белгілі. «Спорттық – балдық биге қазылар алқасының баға беру талабы өте көп, олар қол саусағының қимылынан бастап, әуен мен ырғаққа дейін жалғасады» дейді облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығының дирекоры Сәбит Амангелдиев.
Өнерпаздардың жұптық өнерін 24 адамнан құралған қазылар алқасы бағалады. Бір күнге созылған турнирде өнер сүйер сырбойылықтар қорытынды көрсетілімдерді тағатсыздана күтті. Турнирдің ақтық кезеңінің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов:
- Би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi – би. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар, - деп талапкерлерге сәттілік тіледі.
Би сайысының қорытындысында «Baby-1» категориясы бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында 18 алтын медаль иегері анықталды. Оның ішінде Қызылорда қаласының «Алекс» би мектебінің өнерпаздары Нұрислам Болатұлы, Диляра Арманқызы, Айлин Шыназбекова және Адина Нұрлан жеңіс тұғырынан көрінді. Жалпы, турнирдің алғашқы турына 92 адам қатысқан еді.
Сайыстың екінші турында «Ювеналы-1» категориясы бойынша қызылордалық бүлдіршіндер жүлделі орындардан көрінді.
                                                                           Биболат Сәтжан
03 сәуір 2018 ж. 1 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам