ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

Шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары, білім және мәдениет салаларының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым, жастар өкілдері қатысты.
Кездесулерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Нұғман Жакудаев,облыстық ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға уәкілі Қайырбай Сарбайсалов, Шиелі аудандық прокуратурасының аға прокуроры Ермек Килибаев, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, Жандос Тұсмағамбетов бастаған мамандар қатысып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылыққа, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша тұрғындар сауалдарына жауап берді.
Бұл бағыттағы шаралар облыстың өзге аудан орталықтарында да өз жалғасын табады.
Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.