БҰРШАҚ ЖАУЫП, ЖЕЛ СОҒАДЫ
«ҚазАқпарат» ХАА. Қазгидрометтің болжамы бойынша, 4 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде бұршақ жауады; 4-6 сәуір аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде жай түседі. Сондай-ақ, 4 сәуірде және 5 сәуір күні түнде Жамбыл облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде оның жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні 23-28 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 4 сәуірде шығыстан соққан жел күшейіп, оның жылдамдығы 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал.