«КҮРІШ ӨСІРУДІҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» ТЕСТ-ДРАЙВ ФОРМАТЫНДАҒЫ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Тест-драйвтың мақсаты – бәсекелік қабілетті дамыту, білімнің салтанат құруына жағдай жасау, ұлттық бірегейлікті сақтауға үндей отырып, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу. Тест-драйвта ғалым А.Н.Подольских күріштің жаңа сорттарын шығару, ауылшаруашылығын дақылдарын экологиялық жоғары деңгейін сақтай отырып өндіру жолдары, күрішті баптаудың инновациялық әдістері, сапалы өнім дайындау жайлы тәжірибесімен бөліседі, ауылшаруашылығы мамандарына кеңес берді.
Тест-драйв Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылындағы «Мағжан және К» ЖШС егін алқабында өтеді. Шараға облыстық ауылшаруашылығының мамандары, агрономдар, кәсіпкерлер, ауылшаруашылығы саласын зерттеуші ғалымдар, жастар ұйымдарының мүшелері, күрішшілер қатысты.
Сырдария ауданындағы «Абзал және К» ЖШС«Мағжан және К» ЖШС, ұзақ жылдардан күріш өсірумен, күріштің жаңа сорттарын өндірумен айналысып, өнімдерін Қазақстаннан бөлек Ресей, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне экспорттауда. 2017 жылы «Мағжан және К» ЖШС республикалық «Алтын сапа» сыйлығының иегері атанды. Қазіргі таңда күрішші жастарды ауылшаруашылығы саласындағы жаңа технологиямен танысу, біліктілігін арттыру мақсатында шет елдерге курстарға жіберуде.
Тест-драйв нәтижесінде ауылшаруашылығы мамандары «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы А.Н.Подольскихтің ғылыми жетістіктерін жүзеге асырып, егін егу тәжірибесінде пайдаланатын болады. Сондай-ақ ауылшаруашылығы саласының мамандары көктемгі егін егу алдындағы дайындықтарын пысықтап, сапалы өнім өндіруге ұмтылады.