Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӘСІПКЕРЛІК КІЛТІ – ІСКЕРЛІКТЕ

КӘСІПКЕРЛІК КІЛТІ – ІСКЕРЛІКТЕ

   Қызылорда аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Шараға кәсіпкерлер палатасының төрағасы Ғалымбек Жақсылықов, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Болат Нұрқожаев, кәсіпкерлер мен аудан әкімдіктерінің мамандары қатысты.
Аймақта жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар таныстырылған кездесуде қатысушылар бейресми жағдайда өзін қызықтырған сауалдарын жолдап, оған нақты жауап алды. Жастарға өз ісін қалай ашу керек, оны жеке кәсіпкер ретінде тіркеу, салықтық есепті қалай толтыру керек деген секілді кеңестер берілді. Бизнес-жоба жайында мағлұматтар айтылды. Оған қоса жас бизнесмендер қандай мемлекеттік қолдауларды пайдалана алатындығы айтылды.
Шараның басты мақсаты – бәсекелік қабілетті ұлт пен сананың ашықтығын дамыта отырып, аймақтағы әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешімін табуға, жастарды бірлесе шешім қабылдауға үйрету. Алдағы уақытта «Open Space» форматында жоба ұсынушылар мен қолдаушылар кездесіп, осы мерзімде жеткен жетістіктері мен мәселенің оңтайлы шешілу деңгейін жариялайтын болады.
                                                                          Биболат Сәтжан
09 сәуір 2018 ж. 1 047 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 600 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам