Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МӘСКЕУГЕ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ

МӘСКЕУГЕ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ

    Таяуда «Қызылорда-Ташкент» маршурты бойынша тұрақты қатынайтын автобус рейсі ашылады деп жоспарлануда. Бұл жайында өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов мәлімдеді.
Аймақ басшысы автомобиль жолдары желісін дамыту мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған «Жол картасын» бекіткен болатын. Соған орай республикалық және облыстық бюджеттен 103 жобаны қаржыландыру жоспарланды. Оның аясында 1390 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көшелерге, 12 көпірге қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жүргізіледі. Нәтижесінде 2020 жылға қарай жергілікті маңызы бар жолдардың сапасы 65 процентке жақсарады деп күтілуде.
Айта кетерлігі, Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы тұсындағы сол жағалауын игеру мақсатында көше-жолдары желісін орналастыру үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, 2 жоба бойынша былтыр басталған екі магистральді көше құрылысын жалғастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, Шіркейлі қаналына көпір салуға қажетті 706 млн. теңге республикалық бюджеттен бөлінді.
Бүгінгі күні Қорқыт ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына 23 тұрақты рейс орындалып, биылғы бірінші тоқсанда 23,4 мың жолаушы жөнелтіліп, өткен кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға артқан. 
Әуе желісін дамыту аясында осы жылдың шілдесінен бастап жиілігі аптасына 4 рет «Мәскеу-Қызылорда» қатынасында тұрақты халықаралық рейс ашылатын болса, ішкі рейстерді жетілдіру мақсатында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті және әуе компаниялармен «Қызылорда-Көкшетау», «Қызылорда-Өскемен» рейстерін ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп, оларды қаржыландыруға бюджеттік өтінім өткізілді.
Брифингте өңірдегі газдандыру, жылумен, су, жарықпен қамтамасыз ету, абаттандыру, көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ержан Жоламанов тоқталды.
Өткен жылы «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауының газ таратушы желілерін салу» жобасының құрылыс-монтажы басталды. Бүгінде бұл жұмыс тыңғылықты атқарылуда. Ал, биыл облыстық бюджеттен «Шыны зауытынан және Наурыз, Махамбетке дейінгі жоғары қысымды газ құбырының құрылысы мен Махамбет және Наурыз елді мекендерін кварталішілік газдандыру» жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлінді.
                                                                            Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
17 сәуір 2018 ж. 1 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам