Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДИХАНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КЕҢЕС БЕРУ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

ДИХАНДАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КЕҢЕС БЕРУ ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

        Қызылордада көктемді егіс науқанының қарсаңында Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтар үшін «Тыңайтқыштарды тиімді пайдалану және күріш өнімділігін арттыру» тақырыбында семинар өтті.
Шараға күріш өсірудегі жаңалықтар бойынша ТМД-да белгілі ғалым, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Хаси Жамантиков, Күріш зерттеу институтының ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Қанағат Бегалиев, зейнеткер-агроном Кенжебек Әнәпияұлы және басқа облыстардан келген минералды тыңайтқыштарды шығаратын компания өкілдері қатысып, баяндама жасады. Кездесу барысында шаруа қожалық төрағалары күріштің өнімділігін арттыруға байланысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап ала алды.
Семинар жұмысына қатысты Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жасұлан Серіков «Бұл кездесуде уақыт күттірмейтін шешімге келдік. Күріш алқаптарынан жоғары өнім алу үшін «тегін кеңес беру қызметін» бастамақшымыз. Сырдария ауданында зейнетке шыққан тәжірибелі агрономды жұмысқа алу жоспарлануда. Нәтижесінде кез-келген күрішші аптасына екі күн кеңсеге барып кеңес алуға және маманды егіс алқабына шақыртып қажетті пайдалы нұсқама-кеңестерін алу мүмкіндіктеріне ие болмақ. Бұл маңызды бастамаға «Абай Дәулет» ЖШС-і қолдау көрсетуге дайындығын мәлімдеді. Айта кетейік, мұндай «кеңес беру қызметтері» Еуропа елдерінде жақсы жолға қойылған. Шаруашылықтар көп орналасқан өңірлерде ашылып, зейнет жасындағы тәжірибесі мол ауылшаруашылық мамандарды жұмысқа алып, жас шаруашылықтарға сүйемелдеу жасайды. Қазіргі таңда агроном-маманның тұрақты отыратын орнын ұйымдастыру шараларын жүргізудеміз. Осындай қызметке басқа аудандарда қажеттілік анықталған жағдайда, жыл көлемінде басқа бағыттарда да жалғастыратын боламыз», - деді.
Айта кету керек, Қызылорда облысы республикада бірінші болып – кәсіпкерлерге арналған толық форматты Кәсіпкерлер үйін қалыптастыра алған өңір.
Кәсіпкерлер үйіне келген азамат Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілерінен кеңес алып, «Бизнес-кеңесші» оқу курсына қатысу арқылы біліктіліктерін көтере алады. Әрі қарай Палата кеңесшілері бизнес-жоспарды тегін жасап беріп, қай қаржы институтынан, қандай мемлекеттік бағдарлама аясында қаржы ала алуға болатындығы туралы толық ақпарат береді. Мұнан өзге, Палата мамандары жобаңызды жүзеге асырылып, аяғына тұрып кеткенше сүйемелдейтін болады.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
20 сәуір 2018 ж. 1 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 436 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам