Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ДАМУ МЕД» ДЕНСАУЛЫҚ ДЕМЕУШІСІ

«ДАМУ МЕД» ДЕНСАУЛЫҚ ДЕМЕУШІСІ

   Соңғы жылдары елімізде интернет желілерінің әлеуеті артып келеді. Осы арқылы халыққа көптеген қызмет түрі қолжетімді болды. Компьютер, смартфондарға түрлі қосымшалар енгізілуде. Сондай игілікті жобаның бірі – облыстық денсаулық сақтау басқармасының «DamuMed» медициналық қосымшасы. 
Бүгінде емханалар ұсынған әрбір электронды қызметті ыңғайлы және тез алуға мүмкіндік туды. Өйткені, аталған бағдарлама бойынша үйден шықпай-ақ түрлі ақпаратқа қол жеткізуге болады.
Оның басты мақсаты – медицина қызметін халыққа тиімді ету. Мәселен, бұл арқылы үйде немесе жұмыс орнында отырып, дәрігер қабылдауына жазыласың. Ол үшін «Дәрігерге жазылу» батырмасын басу қажет. Айта кету керек, оны пайдаланушы қабылдау күні мен уақытын өзінің таңдауына мүмкіндігі бар.
 «DamuMed» ұялы қосымшасына телефон нөмірі мен жеке куәліктің ЖСН нөмірін теру арқылы тіркеледі. Ал, оған кіре алмаған жағдайда телефон нөмірін қосуға өтінім береді. Ол үшін ЖСН нөмірі бар жеке куәліктің фотосуретін түсіріп жіберу керек. Себебі, құжаттың суреті жеке тұлғаны растау үшін және медициналық ақпаратты басқа адамдардан қорғау мақсатында талап етіледі. Өтінішті медициналық ұйым қызметкерлері қабылдап, ұялы телефонға SMS хат арқылы код жолдайды.
Бұл бағдарлама бойынша әрбір адам өзін немесе отбасы мүшелерін дәрігерге қаралуына жазып, дәрігерді үйге шақыруға болады. Сондай-ақ, еңбекке жарамсыздық парағын емханаға бармай-ақ алады. Тағы бір ерекшелігі, дәрігер берген рецепті осы жерден қарайды. Ал, қауіп-қатер батырмасы – белгілі бір санатқа жататын 5 жасқа дейінгі балалар, диспансердің кейбір топтарындағы науқастар, жүкті әйелдердің шұғыл шақыртуын қабылдайды. Сонымен қатар, осы бағдарлама бойынша барлық зертханалық зерттеулердің қорытындысын, лабораторияның нәтижелерін көруге мүмкіндік бар.
Аталған жүйедегі мәліметтер халыққа түсінікті тілде жеткізілген. Оның ішінде жүкті әйелдерге барлық жағдай қарастырылған. Атап айтсақ, мұнда оларға түрлі кеңестер бар. Мәселен, «Апта сайын бала қалай дамиды? Жүкті келіншек қандай тағамдарды тұтыну керек?» деген сауалдарға жауаптар берілген. Сондай-ақ, перзентханаға қандай заттар алып бару қажеттігіне дейін көрсетілген. Әсіресе, бұл – жас аналар үшін қолайлы мүмкіндік.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының кешенді медициналық ақпараттық жүйесінің үйлестірушісі Сарбиназ Баймаханованың айтуынша, бүгінге дейін аймақта медициналық қосымшаны 17387 адам ұялы телефонына жүктеген. Олардың арасында жүкті келіншектер 20,3 пайызды құрайды. Қазір барлық емханаларда аталған ұялы қосымшаны енгізуге кеңінен түсіндірме жүргізілуде. Ондағы мақсат – дәрігердің және емханаға келген емделушінің уақытын тиімді пайдалану.
                                                                         Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.
23 сәуір 2018 ж. 3 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам