Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС ШАЛАҒАЙ ІСТІ КЕШІРМЕЙДІ

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС ШАЛАҒАЙ ІСТІ КЕШІРМЕЙДІ

   Аймақта шегірткеге қарсы күрес қолға алынды. Үстіміздегі жылы Қызылорда облысы бойынша 144 мың гектардан астам алқап зиянкестерге қарсы өңделетін болады. Бұл бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының ММ басшысы Еркебұлан Бекжанов, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік  орталығының» РММ облыстық филиалының директоры Абай Айтбаев мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, облыс бойынша италиялық прус зиянкесіне қарсы биылға 65 543 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі. Аталған жұмыстар жоспар аясында қадағаланады. Айталық, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарындағы бірнеше мың гектар алқапқа осы тірлік жасалса, Қызылорда мен Шиелі, Жаңақорған аудандарында бұл зиянкес кездеспейді.
Сондай-ақ, ерекше қауіпті азиялық шегірткеге қарсы биылға 78 849 гектар жерге химиялық өңдеу жасалады. Ол жұмысты 27 мамырдан 25 маусымға дейінгі аралықта жүргізу көзделуде. Аралда 17,8, Қазалыда 10,8, Қармақшыда 6, Жалағашта 9,526, Сырдарияда 6,6, Қызылордада 4, Шиеліде 16,974, Жаңақорғанда 7,1 мың гектар алқап бойынша азиялық шегірткеге қарсы жұмыстар жүргізілуде.
Ерекше қауіпті шегірткеге қарсы күресу шарасына 14 арнайы жер агрегаты, 1 аэрозолды генераторы, 4 арқалайтын моторлы бүріккіш, 4 жеңіл және 2 ұшақ пайдаланылады деп жоспарлануда. Бұл бойынша арнайы жоспар бекітілді. Осы аталған фитосанитариялық іс-шараға жергілікті бюджеттен қаржы қаралып отыр.
Сонымен қатар, облыстық аумақтық инспекциясы мен жергілікті атқарушы органның биыл саяқ шегіртке зиянкесіне қарсы шарасына жоспар жасалды. Осыған байланысты аталмыш зиянкеске 73, 581 мың гектар жерге және күріш зиянкесі жағалық шыбынға қарсы 4,908 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізу жоспарлануда.
                                                                                                       Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
21 сәуір 2018 ж. 1 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам