МҰСЫЛМАН СПОРТШЫ АНГЛИЯНЫҢ ЖЫЛ ФУТБОЛШЫСЫ АТАНДЫ
Ливерпульдің шабуылшысы, мысырлық Мохамед Салах кәсіби футболшылар қауымдастығы бойынша Англиядағы үздік футболшы деп танылды. Ұйымның ресми сайтында бұл атаққа күрес үшін 25 жастағы мұсылман «Манчестер Юнайтедтің» қақпашысы Дэвид де Хиан және «Тоттенхэм Хотспурдың» шабуылшысы Гарри Кэйнмен бәсекеге түскен. Лондондағы салтанатты рәсімде Салах: «Бұл үлкен абырой, мен өте қуаныштымын. Мен ерінбей еңбек етемін, сондықтан да осы марапатқа ие болғаныма қуаныштымын », - деді.
Айта кету керек, осы маусымның басынан бастап Мохамед Салах Ливерпульда 46 ойын өткізіп, 41 рет гол салды. Футболшы жазда Ресейде өтетін әлем кубогына Египет командасының атынан қатыспақ.