ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТКІЗІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектеп базасында «Білім – ғылым – инновация» интеграциясын дамыту мақсатында «Гранттық - Инновациялық идеялар» атты фестиваль өткізілді.
Фестиваль барысында үлкен іске үн қосу әрбір азаматтың басты міндеті және парызы болып табылады деген ұстанымда шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер арасында жұмылған топтық жұмыс жүргізілді.
Топтар арасында компьютерлік қызмет көрсету, Арт кабинет – заман талабы, Химия – биология ақылды кабинеті, Жылыжай - көкөніс өндіру шаруашылығы және Сыр жағалауындағы пирамида атты жобалар бәсекеге түсті.
Нәтижесінде, қазылар алқасының қорытынды ой-пікірлері тыңдалды. Соның ішінде Арт кабинет – заман талабы жобасының тиімділігі жөнінде жақсы пікір қалыптасты. Себебі, қалдықтар арқылы қолөнер бұйымдарын жасауда оқушылардың қызығушылығы артты. Әсіресе, үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда оңтайлы әсер етеді.
2018 жылдың қаңтар айында оқушылар арасында «Гранттық - Инновациялық идеялар» атты фестивалін өткізу жоспарлануда.