ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК

Семинар барысында «Туған жер тарихының білгірі» атты зияткерлік сайысы өтіп, қорытындысы бойынша №128 негізгі мектебінің 9 сынып оқушысы Гүлжан Садық жеңіске жетті.
«Үйірменің үйретері көп» деген тақырыпта таныстырылым сағаты өткізілді. Республикалық «2017 жылдың үздік педагогі» атағының иегері, №144 орта мектеп мұғалімі Сағат Қарапаев келген қонақтармен және мектеп мұғалімдерімен «Өлкетану курсы және курсты жүргізуге арналған әдістемелік көмек» атты әдістемелік сағат өткізді.
Сондай-ақ, «Туған жерге тартуым» атты көрмеде қолдан жасаған бұйымдар, оқушылардың ғылыми жобалар мен конференцияларда қорғаған жұмыстары қонақтарға таныстырылды.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.