ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №8 орта мектеп базасында технология және бейнелеу өнері пәндері мұғалімдерінің қатысуымен «Мен елімнің ертеңімін» атты қалалық семинар өткізілді.
Семинар барысында №217 орта мектеп мұғалімі Орғараева Ақмарал «Көркем еңбек» жаңартылған білім мазмұндағы оқу бағдарламасы тақырыбында және №1 мектеп-гимназияның бейнелеу өнері пәнінің бірлестік жетекшісі, тренер Орманова Ақбаян «Графика және жобалау» - жалпы орта білім беру деңгейінің 10 - 11 сынып оқушыларына арналған мазмұндағы оқу бағдарламасы» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ, мектеп мұғалімдері «Мәңгілік Ел» атты патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік оқу құралы, дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер арқылы қуыршақтар жасау, жаңа әдістер арқылы құрылыс қалдықтарынан бұйымдар жасау, пейзаждың өркендеуі, қағаздардан көлемді гүлдер жасау және «Композиция құрастыру» атты шебер сыныптар көрсетті.
Іс-шара баяндама жасап, шебер сыныптар көрсеткен пән мұғалімдері марапатталды.