Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨРТ СӨНДІРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ – БАСТЫ ТАЛАП

ӨРТ СӨНДІРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ – БАСТЫ ТАЛАП

  Қызметтің кәсіби даярлық мектебінің оқу сыныбында «Аумақтың қауіпті нысандарында өрттерді сөндіру» тақырыбында семинар-жиын ұйымдастырылды. Оған Қызылорда облысының өрт сөндіру құрылымдық бөлімшелерінің қарауыл бастықтары қатысты.
Семинар барысында қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Ә.Баекеев өрт және төтенше жағдайды жою кезінде күштер мен құралдарды жедел өрістету, қауіпті нысандарда өрттерді сөндіруді ұйымдастыру кезінде барлық қажетті шараларды қолдану туралы айтты. Өз сөзінде ол семинар-жиынның маңыздылығы әдістемелік көмек көрсетуге бағытталғанын және ең бірінші өртті сөндіру жетекшісі қарауыл бастықтары болып табылатынын жеткізді. Оның басты мақсаты кәсіби дайындықты, қызметтік шеберлікті арттыру, білімдерін тактикалық іс-қимылдарда шыңдау, төтенше жағдайларда жедел шешім қабылдау болып табылады.         Шара соңында, басым бөлігі жас маман қызметкерлерден жасақталған қарауыл бастықтары өрттерді сөндіруді ұйымдастыру кезінде заманауи техникалар мен күш-құралдарды пайдаланып, қызметтік шеберлік пен өрт сөндіру қызметімен егжей-тегжейлі танысты. Азаматтық қорғау подполковнигі Ә. Баякеев семинарға қатысушыларға барлық күш-жігерлерін, білімдерін, табандылықпен және абыроймен халқына қызмет ететіндігіне сенім білдірді. Семинар-жиын қарауыл бастықтарының С. Майқанова атындағы мәдениет үйі ғимаратында өткен өрт-тактикалық жаттығуға қатысуымен аяқталды.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі
28 сәуір 2018 ж. 1 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30