ТҮБІ БІР ТУЫС БАУЫРЛАР
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келген өзге этнос өкілдерінің бәрін бауырына басып, бір үзім нанды бөліп жеді. Атам заманнан ауылы аралас, қойы қоралас өзбек халқы ежелден бізді ет-жақыны деп таниды. «Өзбек – өз ағам» деп атап кеткен ұлттың біздің елмен ұқсастықтары жетерлік. Атадан балаға жалғасып отырған салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарын зерттеп қарасақ, бұған көз жеткізуге әбден болады. Бұған себеп жергілікті халықтың тұрғындармен етене сіңісіп, өз дәстүрін сақтай отырып, өзгенің мәдениетін бойына дарыта білгендігінде. Түбі бір туыс бауырларымыз салт-дәстүрін, тілін сақтап ұрпаққа мұра етіп келеді.Олардың бiз бiлмейтiн, бiлсек те мән бермейтiн көптеген ерекшелiктерi де бар. Бұл жөнінде Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Кахар Дадашевәңгімелеп берді.
– Біз атадан мирас болып қалған ұлттық дәстүрлерді берік ұстанамыз. Мәселен, ертеден сақталып келген ежелгі және маңызы жоғары дәстүрдің бірі – таңертеңгілік палау. Бұл асты кішкентай бала өмірге келгенде, үйлену тойында, екі жасты атастыру мерекесінде дайындайды. Қазақ халқымен ұқсас салт-дәстүрлерге келетін болсақ, Бешик туй – Бесік той, хатна килиш немесе суннат-туйи. Бұл біздегі ұл баланы сүндеттеу, сүндет той деген мағына береді.
Біздің ұлтқа тән қасиетттің бірі – қонақжайлылық. Қонақ күту бәрінен де жоғары бағаланады. Үйіңе келген қонақты күтпеу отбасын, туысқандарды, ауылыңды ұятқа қалдырумен тең. Қадірлі адамды үй иесі есік алдынан тосып алады. Дәстүріміз бойынша шайды шамалап қана құямыз. Қонақ неғұрлым сыйлы болса, соғұрлым оның кесесіндегі шайы да аз болады екен. Бұл салт келген кісі үй иесінен көбірек шай сұраса, жақсы ырым болып табылады деп түсіндіріледі. Сонымен қатар, ерлер ғана бірі-бірімен қол алысып амандасады. Қол алысу барысында бір-бірінің денсаулығын, жағдайын сұрасады. Ал әйел адамдар сәл иіліп, оң қолдарын жүрекке қойып сәлемдеседі, – дейді К.Дадашев.
Өзбектер жұмыла көтерген жүк жеңіл деген ұстанымды берік сақтаған. Олардың тойында үй иесі үлкен дастархан жайып қояды. Тойға шақырылған әрбір қонақ бір-бір табақтан көтере келеді. Онда түрлі тәтті, дәмді қолдан жасалған тағамдарға, басқа да нәрселерге толы болады. Апарған әлгі заттарын дастархан үстіне жайып, реттестіріп қояды. Міне, осыдан кейін дастархан жайнап, бір тойды атқаруға дайын болады екен. Той иесіне де ауыр тимейді. Тағы бір ерекшелігі, тойда дастархан басында ер азаматтар бөлек, әйелдер бөлек отырады. Билегенде де еркек пен әйел араласып билемейді. Олар бұл қағиданы әлі күнге дейін берік ұстанған.
Өзбек халқы ежелден көкпар тартуды ұлттық ойынға балаған. Бұл елде ұлттық мерекелерде, жастардың үйлену тойы, сәбидің дүниеге келуі, мерейтой сынды қуанышты кездерде көкпар ойынын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Оларда көкпар тартысының жиі өткізілетін уақыты – күз бен көктем мезгілдерінің аралығы. Көкпарды «Купкари» немесе «Улак-купкари» деп атайды. «Куп» — қазақша көп, ал, «кари» сөзі шаруа, жұмыс мағынасын береді. Көкпар балуандарын «Чавандоз», кейбір өлкелерде «Полвон» деп атайды.
Тағы бір ерекшелігі, қыздарды кәмелеттік жасқа толғаннан кейін ұзату мәселесіне көңіл бөлінеді. Себебі, қыз бала үй шаруасына жауапты, ері жұмыс істейді деген қағиданы берік ұстанады.
– Қазақ жерінде жүрсек те ұлттық болмысымызды айқындайтын дәстүрлерімізді қашанда ардақ тұтып, сақтау –міндетіміз. Қазақ халқы қашанда бізді бауыр көреді. Бізде солай. Бірлік, татулық берекелі іске бастайды. Туысқан қазақ халқына алғысымыз шексіз, – деп ризашылығын жеткізді Кахар Дадашев.

Айтолқын АЙТЖАНОВА.