ҚАЗАҚША ӘНГЕ ҚҰМАРМЫН
«Біз отбасымызбен қазақ тілінде еркін сөйлейміз. Бүгінде ол екінші ана тілімізге айналған»... Түрік жігіті Руслан Рызманов осылай деді. Өзге ұлт өкілі болса да, Мемлекеттік тілімізді бір кісідей-ақ жетік меңгерген ол Қармақшы ауданына қарасты ІІІ Интернационал ауылында дүниеге келген. Сондағы №108 орта мектебінде білім алған. Десе де, жергілікті ұлт өкілдері балаларының ортасында өскен Руслан үшін қазақша тіл сындыру қиынға соқпапты. Тіпті, ол тілімізді арнайы үйренбей-ақ ес білгелі өздігінен меңгеріп кеткен.
– Шынымды айтсам, қазақшаны қалай, қашан үйренгенім есімде жоқ. Үйде кішкентай кезімде түсірілген бейнежазба бар. Сол жазбада менің Қазақстан Республикасының бұрынғы Әнұранын айтып тұрғаным көрініс тапқан. Ал, ол кезде мен екі жарым жастамын. Демек, сол жасымнан бастап-ақ қазақшаны білемін деген сөз. Негізінде, менің айналамдағы достарымның көбі – қазақтар. Тілді жетік меңгеруіме соның да әсері жоқ емес. Ал, отбасымда ата-ана, бауырларыммен негізінде ана тілімізде сөйлесеміз, – дейді Руслан бізбен әңгімесінде.
Бала күнінен өнерге ерекше құштарлықпен өскен ол мектепті аяқтаған соң,Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалықколледжіне оқуға түскен. Бүгінде ән салу бөлімінің ІІІ курсында білім алады. Бұған дейін жеткен жетістіктері де көп. Түрлі байқауда бақ сынап, жүлделі орын биігінен көрініп жүр. Мәселен, осыдан төрт жыл бұрын өткен облыстық «Бозторғай» ән байқауынан екінші орынды иеленді. Ал, Семей қаласында өткен Мұқан Төлебаев атындағы вокалистер байқауында өнері жоғары бағаланып, 2 дәрежелі лауреат атанды. Бір қызығы, өнерпаз жігіт көркемсөзді де тебірене жатқа айтып бере алады. Қалалық «Абай оқуларынан» бас жүлдені қанжығасына байлаған ол Ұлы хакімнің өлеңдерін ғана емес, әуезді әндерін де иіріміне салып шеберлікпен шырқайды.
Өзінің айтуынша, әншілік өнер әкесінен дарыған көрінеді. «Әке көрген оқ жонар» демекші қанмен келген қасиетті бойына сіңірген 20 жасар Русланның көбіне патриоттық әндерге бүйрегі бұрып тұрады екен. Түрлі сахналарда «Атамекен», «Дудар-ай», «Көк тудың желбірегені» сынды ұлттық патриотизмге толы әндерді нақышына келтіре шырқағанда тұла бойың шымырлап, рухтана түсесің. Түрі бөлек болса да, тілегі бір жанның қазақ тіліне, қазақ өнеріне деген іңкәрлігін көріп, көз сүйсінеді.
Үнемі ізденімпаздықты жаны сүйетін түрік жігіті баянмен қатар, аккордеон, гитара, Yamaha музыкалық аспаптарының да құлағында ойнайды. Сондай-ақ, халқымыздың бас аспабы – домбыра шертуді қолға алып, «Балбырауын», «Көроғлы» күйлерін тартып үйренуде. Бүгінде Астана қаласында қызу дайындық үстінде жүрген ол таяу арада Елбасының қатысуымен өтетін Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясында өнер көрсетпек.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.