Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАЛАНТТАР ТОП ЖАРҒАН КҮН

ТАЛАНТТАР ТОП ЖАРҒАН КҮН

  Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жастардың заманауи өнер және би байқауы өткізілді.
Жастар арасында альтернативті хореографияны кеңінен таныту мақсатында өткізілген заманауи өнер байқауына Құрлыс және бизнес колледжінің SMOPREC, «Абылайхан» колледжінің «С.n.Black», А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «ACTION», қазақ гуманитарлық және заң колледжінің «Headshot» би топтары қатысты.
Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының бөлім меңгерушісі Ғазиза Жүнісова:
- Би бар өнер түрлерін бойына топтастырады. Бидің түрі көп, олар халық биі, классикалық-балет биі, қазіргі заман билері секілді бағыттары бар. Қазіргі заман билері еркін пластика арқылы адамның ішкі дүниесін ашуды көздейді. Хип-хоп ішкі дүниенің іскерлігін, албырттылығын, танытса, брейк-данс спорттық үлгіге жатады, – дейді.
Байқау қорытындысымен хип-хоп биін жеке орындаушы Аманжол Дастан жеңімпаз болса, «Абылайхан» колледжінің «С.n.Black» тобы, Аманкелді Мустафа және «Headshot» үздік үштіктен көрінді.

Биболат Сәтжан
02 мамыр 2018 ж. 1 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 208 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам