Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АРДАГЕРДІҢ «ЧЕМОДАН-МУЗЕЙІ»

АРДАГЕРДІҢ «ЧЕМОДАН-МУЗЕЙІ»

   Қызылорда қаласындағы  № 235 мектепте  «Атамекен» мұражайы жұмыс істеп келеді. Оған ардагер ұстаз Күләш Алматшаева  жетекшілік етеді.
Ардагер  ұстаз мұражай жәдігерлерін жинауда үлкен еңбек сіңірді. Онда түрлі тақырыпта мыңнан аса жәдігерлер қойылған. Бұл орын  этнографиялық және тарихи бағыттар бойынша бөлінеді. Этнография  бөлімінде өткен ғасырдан қалған тарихи дүниелер, қазақ халқының көне заманда үй шаруасына пайдаланған заттары қойылған. Мектеп оқушылары сабақ бағдарламасына сай мұражайда қойылған заттармен танысып отырады. Кітапханада өткізілтін түрлі іс-шараларда «Атамекен» мұражайының жәдігерлері тиімді пайдаланылып келеді.
     Жақында Алматыда «Social  innovation-2018» жобасы өтті. Байқауға 156 қазақстандық өтініш бергенімен қазылардың таңдауы 50 жобаға түсті. Солардың арасында 10 жобаның авторы ғана қаржылық қолдауға  ие болды. Қазылар  66 жастағы зейнеткер Күләш Алматшақызының «Чемодандағы музей» жобасын үздіктер қатарында бағалады.
     Жуырда  № 271 орта мектепте «Кітапхана – рухани  жаңғыру  жолында» атты қалалық семинар болды. Осы семинарға ардагер-ұстаз Күләш Алматшақызы «Чемодандағы музейді» алып барды. Семинарға қатысушылар көненің көзімен көзбе-көз танысып, үлкен әсерге бөленді.  Ардагер   алып келген экспонаттар туралы қызықты да тартымды әнгімелеп берді.
Роза ӘБДІКӘРІМОВА,
Айнагүл ТІЛЕУБАЕВА,
№235 орта мектеп  кітапханашылары.
Қызылорда қаласы.





04 мамыр 2018 ж. 1 970 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам