БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Үстіміздегі жылдың 1-31 мамыр аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Акцияның мақсаты жасөспірімдердің жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттануының алдын-алу, көшеде қауіпсіз жүруін түсіндіру болып табылады. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы Айбол Аукенов кеңінен айтып өтті.
– Үстіміздегі жылдың 4 айында облыс көлемінде балалардың қатысуымен 12 жол көлік оқиғасы тіркелген. Онда 13 жеткіншек түрлі дене жарақатын алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен. Бүгінгі таңда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаладағы мектептердің алдындағы жол белгілері жаңартылып, жол патрульдік полиция қызметкерлері балалардың жолдан дұрыс өтуін қатаң қадағалауда, – деді ол.
Сонымен қатар, акция аясында бірқатар шаралар қолға алынбақ. Мәселен, балалардың лагерлерге бару кезінде топтасып тасымалдау қағилары бойынша жол қауіпсіздігінің алдын-алу, арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында «Студенттердің идеялары мен бастамалары-жолдардағы жол қауіпсіздігі» атты шығармашылық байқаулар, мемлекеттік органдармен бірлесіп көлікте балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік құралдарын қолдану қажеттілігі жөнінде «Сіздің жолаушыңыз – бала» атты жұмыстар өткізіледі.

А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.