МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін «Айқын» бастауыш партия ұйымы, №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің акт залында «Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» жобасы аясында кәсіпкерлердің мектеп бітіруші түлектермен кездесуі өтті.
Шараға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы аймақтық филиалы маманы Б.Жомартов, «Жас Отан» ЖҚ өкілі А.Какарманова, партияның қалалық филиал консультанты Ж.Толыбекова, мектеп мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысты.
Шараны Ж.Толыбекова ашып жүргізіп отырды.
Б.Жомартов мектеп оқушыларына ЖОО бітіргеннен кейінгі кәсіпкерлікті меңгеруге мемлекет тарапынан бөлінетін бағдарламаларға толықтай тоқталып, қазіргі кезде жастарымызға кәсіп бастауға Елбасының көптеген мүмкіндіктер беріп жатқандығын сөзге тиек ете отырып, жас түлектердің жүректеріне сенім ұялатты.
«Жас Отан» ЖҚ мүшесі А.Какарманова «Сәтті қадам» жобасы жайлыжалпы түсініктеме берді. Жобаның негізгі мақсатын, өзектілігін, міндетін және қазіргі кезде орындалу барысын жете түсіндірген Жасотандық әрбір оқушыға ой сала,болашақта қандай мамандықтың сұраныста болатынын, елімізге, ел экономикасына гуманитарлық саладан гөрі кәсіптік өндірістік саланын мамандарының қажеттілігін ескерте, мамандық таңдауда қателеспеу керек екендігін жеткізді. Сонымен қатар, мектеп бітірген жастарға арнайы «Жас Проджект» жобасының ашылғандығын мәлімдеп жалындаған жастарды жобаға қатысуға шақырды.
Шара соңында оқушылар аталған жобаға көкейіндегі ұсыныстарын білдірді.
Қорытынды сөз мектеп директоры орынбасары А.Ибраеваға берілді.