ЖОЛ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ҮЗДІК БІЛГІРІН АНЫҚТАДЫ
2018 жылғы 1-31 мамыр аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды республикалық акциясы жүргізілуде. Акцияның басты мақсаты балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдылануларын нығайту болып табылады.
Осыған орай, жуырда Қызылорда ОІІД-нің Жергілікті полиция қызметі мен Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлері Көмекбай Қаракөзов атындағы №235 мектебінде «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың жолда жүру ережелерін білу қабілетін шыңдап, дамыту. Тәрбие сағаты барысында оқушылар жол ережелері бойынша өз білімдерімен бөлісіп, жол ережелеріне қатысты өздерінің ән шумақтары мен өлеңдерін айтып көрермендерін қуантты.
Сонымен қатар, «Жол ережелерінің үздік білгірі!» тақырыбында жол ережелері бойынша сурет салудан сайыс өткізіліп, жеңімпаздары анықталып, ОІІД Жергілікті полиция қызметінің грамоталарымен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.