ҒАЛАМТОРДЫҢ ҒАЛАМАТЫ МЕН КЕСАПАТЫ
Қызылорда қаласы білім бөлімі, "Жас отан" жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы жанынан құрылған "Жалын" облыстық пікірсайыс орталығы, «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Б.Шалғынбаев атындағы №217 орта мектепте "Ғаламтордың ғаламаты мен кесапаты" атты пікірсайыс өтті.
Аталмыш сайысқа Қызылорда қаласындағы №217, №197, №189, №173, №101, №264, №187, №176, №222, №140, №15 мектеп оқушылары қатысты.
Пікір-сайыстың басты мақсаты - әлемді жайлап кеткен ғаламтордың пайдасы мен зиянына баса назар аудара отырып, интернетке байланысты білім алушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау, интернет туралы толық ой қалыптастыру. Сондай-ақ, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баули отырып оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу болды.
Пікірсайыс барысында бірқатар сұрақтар талқыланып, «Жастар білімді, ақпаратты кітаптан, газет-журналдардан ала ма, әлде ғаламтордан ала ма?», «Ғаламторға қадалған жастардың бетін қалай кітапқа бұра аламыз?», «Ғаламтордан алған білім және кітаптан алған білімнің айырмашылығы неде?» деген сұрақтар барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, «Жастар қандай сайттарды көптеп пайдаланады?»,«Ғаламтордағы авторлық құқық қалай қорғалады?», «әлеуметтік желі ауру ма, әлде әдет пе?» және тағы да басқа сұрақтар төңірегінде қызу пікірталас өтті.
Шараға " Жас отан" жастар қанаты Қызылорда қалалық филиалы төрағасы Өткелбаев Бексұлтан, Қалалық білім бөлімі әдіскері Жұлдыз Алматқызы, Б.Шалғынбаев атындағы №217 орта мектеп директоры Садвакасова Жаннат Мылтықбайқызы, Б.Шалғынбаев атындағы №217 орта мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Оразбаев Болат қатысып, әділ-қазы алқасы ретінде өз ойын еркін жеткізе білген пікірсайысшыларды қалалық білім бөлімінің "Алғыс" хатымен марапаттады.
Қызылорда қаласы білім бөлімінің баспасөз қызметі