ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру техникасы мен жабдықтары бөлімінің қызметкерлері «Жол жүру ережелері және әкімшілік құқықбұзушылық» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шарада орта басшы құрам және өрт сөндіру бөлімдерінің жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы полиция лейтенанты Б.Байтіков шақырылды.
Семинардың негізгі мақсаты - өрт сөндіру автокөліктері мен жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша жолдардағы апаттардың деңгейін төмендету.
Өрт техника және жабдықтары бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Д. Әбсадықов қатысушыларды жыл басынан бері Қазақстанда өрт сөндіру техникасының қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларымен таныстырды. Семинарда қатысушыларға фотослайд көрсетілді, онда оқиғалар бейнеленген.
Өз кезегінде полиция лейтенанты Б. Байтіков Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғалары туралы талдамалық ақпаратқа, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептеріне және айыппұл мөлшеріне тоқталды. Іс-шара барысында жүргізушілер өздерін қызықтыратын сұрақтарға толық жауап алды.
Семинар қорытындысында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Ә. Баекеев қызметкерлерді ұқыптылыққа, жолда мұқият болуға және әрқашан жол жүру ережесі тәртібін сақтауға шақырды. Ол Әкімшілік полиция басқармасының өкіліне алғысын білдіріп, осындай іс-шараларды өткізу, ең алдымен адамдардың қауіпсіздігі мен өмірін сақтауға бағытталғандығын және қажеттігін атап өтті.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі