АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Экскурсия өрт сөндіру техника және өрт техникалық жабдықтары көрсетумен басталды. Балаларға өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі мен құралдары көрсетілді, қалаған оқушының киіп көруге мүмкіндік жасалды.
Өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Б. Байниязов оқушыларға өрт сөндіру бөлімінің қызметі туралы айтты, Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу жөнінде кеңінен әңгімеледі. Әңгіме барысында «Көкшетау техникалық институтының студенттің тарихы» туралы фотоальбомды, Қызылорда облысы ТЖД «Сыр құтқарушысы» ведомствалық журналды және Көкшетау техникалық институтының курсанттарының өмір туралы бейнероликті көрсетті. Бастықтың орынбасары өзінің курсант кезі туралы әңгіме барысында мамандықтың қажеттілігін және беделділігін баса айтты.
Экскурсия соңында қызығушылық танытқан оқушыларға жеке кеңес үшін байланыс телефондары мен оқу орны туралы жадынамалар таратылды.