РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ МҰРАТЫ

Семинар барысында Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру», «Рухани жаңғыру» орталығының жетекші маманы Әбжет Бақыт Сырымұлы «Жаңаша ойлау жарқын болашақ кепілі» және Алматы қаласынан арнайы шақырылған, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жетекші қызметкері Сайдембаева Алия Шуратовна «Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы кітапхананың ролі» тақырыбында баяндама оқыды.
Семинарға «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев арнайы қонақ ретінде шақырылды.