ЖАСТАР – БОЛАШАҚТЫҢ ТІРЕГІ

Шара барысында ұлттық нақыштағы қолөнер, робототехника бұйымдарының көрмесі және үйірмелік жұмыстар қолға алынды. «Білімнің салтанат құруы» тақырыбында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің бизнес инкубатор жетекшісі Ж.Оразмаханов, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Ә.Жақыпова және жастар ресурстық орталығының КММ жауапты маманы Ә. Ибрахим әңгімелеп берді.
Жастар – болашақтың тірегі, Қазақстанның жетістігі мен өркендеуінің кепілі. Бұл – өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігі, жауапкершілігі, ұлттық сана-сезімі, білімділігі мен кәсібилігі, мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосуға ынтасын қалыптастыруда жасалып жатқан шаралардың маңызы зор.
– Рухани жаңғырудың басты мақсаты – Қазақстан азаматы қандай болуы керек деген сұраққа жауап беру. Техникалық сауаттылығы бар, шет тілін меңгерген, мәдениеті жоғары ұрпақ келешегімізді кемел ете түседі. Баланы 1 сыныптан бастап қабілетін дамытып, тұлға ретінде қалыптастыруға атсалысуымыз керек, – деді «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Әлима Жақыпқызы.
Ақерке СЕЙІТОВА,
ҚМУ-дің IV курс студенті.