Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СӨЗ ЗЕРГЕРІ, СЫН МЕРГЕНІ

СӨЗ ЗЕРГЕРІ, СЫН МЕРГЕНІ

  Есіктен енген бойда кереметтің бәрі осында екен ғой деген ойға келесің. Қабырға да, үстел үсті де жайнаған кітаптан көрінбейді. Бөлме іші жап-жарық нұрға бөленіп, көңілге жайлылық лебі есіп тұр. Есіктің оң жағында «Мен – Сырдың перзентімін» атты кітап көрмесі орналасыпты. Ал, табалдырықтан аттаған сәтте-ақ ең әуелі үлкен қабырға бойын жағалай орналасқан алып қоңыр сөре көзге бірден түседі. Іші том-том кітаптарға лық толы. Ерекше шеберлікпен жасалған сан түрлі кәдесыйлар мен төсбелгілер де төрге жайғасыпты. Бәрі бірін-бірі толықтырып, бөлме ішін рухани мұраларға көмкеріп тұр.                                                                                                            
Бұл Қазақстан халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасына барғанда көз алдыңызға келетін әдемі көрініс. Ол Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми кітапханасынан ашылған. Осыдан үш жыл бұрын есігін айқара ашқан аталмыш оқу залы бүгінде халық игілігіне қызмет ететін мәдени орталыққа айналып үлгерген. Оқырман қарасы да қалың. Әсіресе, ғылым жолына түскен ізденушілер мен жастар, профессор-ғалымдарды осы орыннан кездестіресің. Іздеген кітабын осы жерден тауып, оны емін-еркін оқып-жазуға да бар жағдай қарастырылған. Мұнда белгілі қаламгердің бай әдеби мұралары, драмалық шығармалары, публицистикалық еңбектері мен бірқатар аудармалары сақталған. Сондай-ақ, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Ә.Нұрпейісов, Ж.Әбдірашев, Ш.Мұртаза, М.Шаханов, Қ.Жұмаділов сынды тұлғалардың өз қолтаңбасымен берілген төл туындылары да бар.                                                                                          Бұл орыннан шетел әдебиеті классиктерінің көркем шығармалары және қазақ, орыс тілдерінде жазылған қазіргі заман әдебиеттері, тіл білімі, өнер, философия, дін саласы туралы туындыларды көруге болады. Одан өзге түрік, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, қырғыз, татар, башқұрт, славян тілдерінде жинақталған сөздіктер мен толымды дүниелер де кітапхана қорын толықтырып тұр. Осылайша бүгінде 8 мыңға жуық кітап қоры оқырман игілігі үшін қызмет жасап келеді. Сонымен қатар, жазушының көп жылдар бойы тұтынған жеке заттары, жазу үстелі мен құралдары, орындығы, үлкен портреті қойылған. Қал-ағаның айтулы мерейтойларда жер-жерден келген ақ тілекке толы құттықтау хаттар да осы жерден орын алған. Отбасысы мен қызметіне қатысты құжаттар, белгілі қайраткерлер, оқырмандармен түскен фотосуреттерімен де танысуға болады. Ал, Елбасының жазушыға арнайы сыйға тартқан бөрікті ақ шапаны мұндағы құнды дүниелердің біріне айналып отыр. Бір сөзбен айтқанда, бұл орынды жазушы атындағы жәй ғана оқу залы емес, жеке музейі десе де жарасатындай. Осындай рухани азықтың шашауын шығармай, кітапханаға тапсырған Қалтай ағаның жары – Фарида анамыз бен қызы – Жәмиланың еңбегі бір төбе.                                                                         
   – Мына алып кітап сөресі жазушының өзі тұрған үйінен әкелінді. Кезінде арнайы Италия мемлекетінде жасалып әкелінген көрінеді. Қалың том кітаптардың салмағын көтеретіндей өте қалың етіп жасалған, жиһаздың сүйегі өте мықты. Біз қазіргі таңда кітаптарды  «РАБИС» бағдарламасына  енгізудеміз. Биыл жазушының 90 жылдығы кең көлемде аталып өтпек. Біз осы айтулы күнге орай жыл басынан бері мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырып келеміз, – дейді кітапханашы Айгүл Саимбетова.              
                     Бүгінге дейін тау тұлғаның мерейтойы қарсаңында «Қалағаңның қалжыңдары – халық мұрасы», «Сөз зергері, сын мергені», «Қолжазбалардың сырлы дүниесі», «Мен – Сырдың перзентімін», «Көктөбедегі  кездесу» пьесасына  оқырмандар  конференциясы сынды әдеби кештер мен ғылыми басқосулар көпшілік назарына ұсынылған. Кітапхана сайтында «Қ.Мұхамеджанов – қазақ драматургиясының абызы» атты блок ашылған. Ал, аталмыш бағыттағы мәдени шаралар легі жыл соңында «Хан тәңірі шыңына сапар» тақырыбындағы еске алу кешімен қорытындыланбақ.
                                                                                    Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
28 мамыр 2018 ж. 1 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам