Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АСҚАҚТАЙ БЕР, АҚМЕШІТ!

АСҚАҚТАЙ БЕР, АҚМЕШІТ!

    Соңғы жылдары өркендеп-өскен қаламыз өрелі істерге нық қадам басып келеді. Қызылорданың 200 жылдығына тарту-таралғы аз емес. Сырдың бас шаһары – Қызылорда қаласында өрісі биік өрелі істер атқарылып, өміршең жобалар бүгінде ел игілігіне айналуда.
Қазіргі таңда 300 мыңға жуық тұрғын өмір сүріп жатқан Қызылорда күн сайын көркейіп, келбеттене түсуде. Сырдария жағалауынан орын тепкен шаһардың тыныс-тіршілігі өзенмен өзектес, тағдыры тамырлас. Бір-бірінсіз қаланың өткен өмірін көз алдыңызға елестете алмайсыз. Өмір тарихтары мен тағылымдарын, замана желдерін бірге өткеруде. Дарияның жағаны ұрған  толқыны қаланың тынысы мен тіршілігі бірге қайнап жатыр. Нева жағалауын өзінің әдемі сәулетімен баурап алған Санкт-Петербург секілді Қызылордада Сыр жағалауында құлашын кеңге жайып, заманауи үлгіде дамуда. Соңғы бес жыл ішінде келбеті түбегейлі жаңғырды, өзгерді, жаңарды, жасарды.
Экономикасы артқан сайын қала кеңге қанат жаюда. Әсіресе, соңғы осы 5 жылдың ішінде Сыр өзені жағасында зәулім нысандар мен көпқабатты үйлер қатары арта түсті. Осы жылдарда қалада 7000-ға жуық отбасы тұратын 14 шағын аудан бой түзеп, қала ауқымы кеңейе түсті.
Қызылордада өзеннің жағалауын тиімді пайдалану жағы артып келеді. Сырдарияның сол бөлігінде жаңа құрылыс қарқынды қанат жайып. Көпқабатты тұрғын үйлер мен нысандар бой көтерді. Осындай нақты істің нәтижесінде келешекте облыс орталығының табиғи тартымдылығы артып, көне шығыс сәулетімен айшықтанбақ. Онда әкімшілік-кеңселік, мәдени орындар,  ойын-сауық, сауда орталықтары, спорттық, коммуналдық және гидротехникалық құрылыс нысандары салынып, тұрғын үй кешені бой түзейді деп көзделген. Осының барлығы жаңаша бағытта дамитын болады. Мәселен, ондағы көлік қозғалысы, көркейту мен көгалдандыру, инженерлік инфрақұрылымы толығынан заманауи талапқа сай болмақ. Сөйтіп, Қызылорданың жаңа бөлігі «ақылды қалаға» айналмақ.
Облыс орталығында жол инфрақұрылымы жыл сайын жанданып келеді. Шаһар көшелері рет-ретімен күрделі жөндеуден өтуде. Бұрын орталық көшелердің өзінде ой-шұқырдан аяқ алып жүргісіз болса, қазір ондай кетеуі кеткен жол таба алмайсыз. Жыл сайын олар өз кезегімен жөндеуден өтіп жатқанын ел жақсы біледі. Сондай-ақ қалаға қарасты шет аймақ пен ауылдық округтер, кенттердің ішкі жолдарының инфрақұрылымдары қарқынды жүргізіліп, көшені жарықтандыру жағы да қатар өрбіген. Келешегі кемел істер мен өрісті жұмыстардың арқасында бүгінде Қызылорданың сәулеті мен келбеті заманға сай қалыптасып отыр. Өндірісі өркендей түскен қала технологиялық даму бағытына назар аударып индустрияландыру бағытына бет бұрған. Соның бірі – республикалық индустрияландыру картасына енген шыны шығару және өңдеу зауыты іске асқан жағдайда 300 адамды еңбекпен қамтымақ. Сонымен қатар, өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енген «ТРИМО» ЖШС үш оксид молибденін өндіру зауыты – экспортқа арналған жоба. Индустрияландыру бағытындағы игі істердің нәтижесінде ішкі өнім ұлғайып, өңдеу өнеркәсібінің өндірісі артуда.
Осындай іргелі істердің жүзеге асуы нәтижесінде Қызылорда қаласының сәулеті мен дәулеті артып, күннен күнге келбеттене, жарқын болашаққа батыл қадам басып барады. Сырдың сыңарындай қаланың келешегі кемел, болашағы ерен болмағын осындай келелі істерден көруге болады. Шаһардың жайнай, көріктене түсуі, әрбір жанға қуат пен серпін бергендей.
                                                                               Кенжалы ЕРІМБЕТОВ
29 мамыр 2018 ж. 1 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам