Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КЕЛБЕТІ КЕЛІСТІ, ҚАДАМЫ ЖЕМІСТІ

КЕЛБЕТІ КЕЛІСТІ, ҚАДАМЫ ЖЕМІСТІ

    Бүгінде ұлттық құндылықтар дәріптеліп, рухани қазынаны ұлықтауға жол ашылды. Аймақта өркенді істер қанат жайып, өрісі кең өрелі жұмыстар атқарылуда. Осының нәтижесінде облыс орталығы – Қызылорда бұрынғыдан да ілгері басып, құлашын кеңге сермей бастады. Асқақ армандар мен межелі мақсаттар орындалуда. Сырдың бас шаһары ірі инвестициялық орталыққа айналып, жарқын жобалар жүзеге асырыла бастады. Осындай әлеуметтік дамудың нәтижесінде облыс орталығы жылдан-жылға өркениет өрісіне қадам басуда. Елордаға қарап бой түзеген Қызылорда Сыр жағасын жайқалған, жасанған, жарқын бастамаларға негіз қалаған орталыққа айналдыра бастады. Сол жағалауда көз ілеспес жылдамдықпен бой көтеріп келе жатқан жаңа қала дария келбетін бұрынғыдан да аша түсті. Өйткені, онда шығыстық үлгідегі ертегідей қала орнап, ол қиял-ғажайыптарға толы болмақ.
         Елбасы қолдауымен жүзеге асқан түрлі бағдарламалар аясында Ақмешіт, кешегі, бүгінгі Қызылордада ауқымды инфрақұрылым жұмыстары жүзеге асырылды. Осының арқасында қала көшелері жыл сайын сәулеттеніп, көпқабатты тұрғын үйлердің қас беттері қайта жаңғырудан өтті. Аула алдынан спорттық алаңдар мен балалар ойын алаңқайлары заманауи талапқа сай салынды.
         Соңғы жылдары қаланың ауыл шаруашылығы саласы мемлекет тарапынан жасалған қолдаудың нәтижесінде өркендей түсті. Егін мен мал шаруашылығы жыл сайын қарқынды дамуда. Мәселен, өткен жылы бұл саладағы өнімінің жалпы көлемі 5 млрд. 986 млн. теңгені құрады. Шаруа қожалықтары 21 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативіне бірігіп, бұл бойынша нақты істер жүзеге аса бастады. Осындай ұтымды істің арқасында қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету жолға қойылды.
         Ауылшарушылығы дақылдары бойынша егіс көлемін әртараптандыруға мәе берілуде. Жыл сайын қала бойынша 7 мың гектардан астам алқапқа егіс дақылдары егілуде. Осындай істі ұйымдастыра білудің арқасында өткен жылы күріштен 16 мың 876 тонна өнім жиналып алынған.
         Бұдан басқа «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары аясында 4 шаруа қожалығы «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 53 млн. теңгеге жеңілдетілген несие алуға қол жеткізген. Оған олар асыл тұқымды мал алған. Ал, 32 шаруа қожалығы өз қаражаттары есебінен 191 бас асыл тұқымды мал сатып алған. Осындай ұтырлы істің нәтижесінде қала көлемінде азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақты түрде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Қазақтың қашаннан жерсіз, малсыз, егінсіз күні жоқ екені белгілі.
         Халыққа арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» алдағы атқарылатын жұмыстарды саралап көрсетіп бергені белгілі. Онда көрсетілген 5 бағытта халықтың әлеуметтік жағдайын барынша арттыра түсу көзделген. Осының ішінде Елбасының шағын несие беруді көбейту тапсырмасы көптеген адамдардың көңіліне сенім ұялатқан. Биыл Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланды. Осының аясындағы «Бастау бизнес» жобасы арқылы 1600 адамды оқыту көзделген.
         Өткен жылы Қызылорда қаласында 25 665 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Бұл көрсеткіш облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі қала үлесінде екендігін аңғартады. Өткен жыл көлемінде қала кәсіпкерлерінің қаражаты есебінен 176 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, онда 1 мың 760 жұмыс орны ашылған.  Осының барлығы халықтың игілігі жолында атқарылып жатқан жақсы істер екендігі анық.
                                                                    Кенжалы ЕРІМБЕТОВ
23 сәуір 2018 ж. 1 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам