Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ ТЕХНИКАСЫ АЛЫНДЫ

ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ ТЕХНИКАСЫ АЛЫНДЫ

  Қызылорда аймағаның экономикасын дамытумен қатар аймақ басшылығы аймақтың және оның тұрғындарының қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. 2017 жылы жергілікті бюджеттен 180 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді, оның ішінде КАМАЗ шассиі бойынша AЦ-5-40 өрт сөндіру автокөлігін сатып алуға бөлінген.
2018 жылғы 30 мамырда Шиелі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы алдында аудан әкімі Ә. Оразбекұлы Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержановпен бірге өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі С. Шаймерденовке өрт сөндіру автокөлігінің  кілтін тапсырды.
Ашылу салтанаты барысында аудан әкімі А.Оразбекұлы аудан тұрғындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін ғана емес, сонымен қатар шомылу маусымы кезінде де қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметі үшін алғыс  білдірді.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі азаматтық қорғау подполковнигі Н.Ибрагимов және өртке қарсы қызмет ардагерлері қатысты.
Өрт автоцистернасы жергілікті бюджеттен сатып алынған. 2017 жылғы шыққан «КАМАЗ» АЦ-5-40 Шиелі ауданы өрт сөндіру бөлімінің тиімділігін, жүйелі  жұмысын арттыруға көмектеседі.
Қорытындысында іс-шараның қонақтарына өрт сөндіру бөліміне экскурсия өткізілді. № 9 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында күрделі жөндеу және өрт сөндіру депосын газдандыру жүргізілгенін атап өтуге болады.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

05 маусым 2018 ж. 1 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам