Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕЛДІКТІҢ АЙҒАҒЫ, ХАЛЫҚТЫҢ АЙБАРЫ

ЕЛДІКТІҢ АЙҒАҒЫ, ХАЛЫҚТЫҢ АЙБАРЫ

    Кез келген елдің мемлекеттік рәміздері оның тәуелсіз, егеменді ел екендігін айғақтайтын ұлттық құндылықтар қатарын құрайды. Себебі, олар – бостандықтың бұлтартпас белгілері.                                                

   4 маусым – ұлттық құндылықтардың тағы бір мәрте мәртебесі асқақтап, парасат биігіне көтерілетін күн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Елбасы Жарлығымен мемлекеттік маңызы бар айтулы мерекелі күндер қатарына енді. Міне, биыл ширек ғасырға жуықтап, оған да жиырма алты жыл толып отыр. Аталған уақыт ішін­де қазақ елі шекарасы межеленген, өзіндік басқару жүйесі қалыптасқан, зайырлы біртұтас елге айналды. Әлемдік аренада өз орнын айғақтап қана қоймай, абырой тұ­ғыры биіктеді. Бұл – барша қазақ­стан­дықтардың еңсесін көтерген үл­кен қуаныш болғаны сөзсіз.                         

                Жалынды рухқа, отансүйгіштік сезімге толы Әнұранымыз жас ұрпақтың жүрегін тербеп, өрлік қасиетке жетелей түсті. Айтулы күндер мен бақ пен бап қатар сынға түскен байрақты бәсекелерде жүрегі жұртым деп соққан талай қазақты қанаттандырып, бойына жігер, көңіліне сенім ұялатты. Талай шетел көгінде ұлтымыздың Әнұраны қалықтап, байрағымыз желбіреді.    Ал, елдігіміздің тағы бір айғағы – Елтаңба мен көк байрақтың авторларын, оның мән-маңызын балабақшаның кішкентай бүлдіршіндерінен бастап, еңкейген қартқа дейін жоғары түйсікпен ұғына біледі десек артық айтқандық емес. Себебі, тәуелсіздік тірегі, бабалардың асқақ арманы мен асыл мұраты болған Тәуелсіздіктің басты нышаны – Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Ол – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі жаһанға паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы жалғастықты сабақтастыратын халқымыздың рухани құнды белгісі.                                                                                             

                 Олардың айтуынша, әлемнің алпауыт елдеріне айналған бірқатар Еуропа мемлекеттерінде рәміздерді насихаттау формасына толығымен еркіндік берілген көрінеді. Сондықтан болар, олардың тулары аяқ киім,  тіпті ішкиімге дейін жапсырыла берсе де оған аталмыш халықтар тарапы ешқандай ерсілік танытпайтындығы бізге жақсы таныс. Әрине, біз ол деңгейге түспесек те, нышандарды кеңінен дәріптеу ешқашан қалыс қалмау керек деген ойдамыз. Оны жоғары ұлттық деңгейде ұлықтауға келгенде жан-жақтан ой көкпар тартудың қажеті жоқ. Тек әрбір қазақ азаматы шын пейілімен, ізгі ниетімен жаны ашып, оларды құрметтеп, қастерлеуде  белсенділік танытса болғаны.                                                                         

       Иә, тәубе дейік. Бүгінде қос пырақты шаңырақпен әспеттелген – Елтаңбамыз елдігімізді білдіріп, көк байрағымыз көгімізде желбіреп тұр. Әнұранымыз да әрдайым әлем алдында асқақ шырқалып келеді. Осынау құндылықтар мерейін үстем етер мереке оларға деген құрмет пен насихаттың тағы бір мәрте ұлықтала түсері сөзсіз. Ұлттың салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін рәміздеріміздің жыл он екі айдың бір күнінде ғана емес, әр сәт сайын бақ-беделін арттыруға атсалыссақ, ел алдындағы титтей де болса борышымыздың ақталғаны деп ұғынған жөн.

                                                                                   Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.  

05 маусым 2018 ж. 1 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам