Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 4 ЖАСАР ҚЫЗДЫ БАЛАЛАР ПОЙЫЗЫ БАСЫП КЕТТІ

4 ЖАСАР ҚЫЗДЫ БАЛАЛАР ПОЙЫЗЫ БАСЫП КЕТТІ

    Қарақалпақстан республикасында Турткүл қаласындағы "Ёшлар" ойын-сауық саябағында төрт жастағы қыз аттракционда қайтыс болды. Баланы саябақта серуендеуге арналған паровоз басып кеткен деп жазады centralasian.org сілтеме жасаған sn.kz.
Турткул қаласындағы "Ешлар" ойын-сауық орталығына анасымен бірге келген төрт жастағы қызды балалар паровозы басып кеткен. Қайғылы оқиға 31 мамырда - Балаларды қорғау күніне бір күн қалғанда тіркелді.
Турткүл ауданы басшысының жастар мәселелері жөніндегі орынбасары Хайрулла Матназаров болған оқиғаны растады.
– Ол жерде қоршау болған. Бірақ орталық қожайыны қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Бұл мемлекетке емес, жекеменшіктегі аттракцион. Онда қауіпсіздік белбеуі болған. Қазір құқыққорғау органдарының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Оның нәтижелерін кейін хабарлаймыз, – деді шенеунік.
Оқиға куәгерлері қайғылы жағдайдың қарапайым техникалық қауіпсіздіктерді сақтамауынан болғанын айтты.
– Балалар күні қарсаңында анасы баласымен орталыққа барған. Қоршаулардың арасында балалар өтетін аралық бар. Бала сол жерден өтіп, паровозға жақын келген. Оператор паровозды сол кезде жүргізген, ол баланың белінен басып кеткен. Қыз оқиға орнында қаза тапты, – деді оқиға куәгерлері.
Аудан тұрғындары "Ёшлар" саябағындағы аттракциондардың әбден тозығы жеткенін айтты.
– Бір жыл бұрын бізге ескі аттракциондарды Ташкенттен әкелді. Олардың кейбірінде қауіпсіздік белдігі жоқ. Олардың қожайындары ақша табуды ғана біледі, – деді Турткүл тұрғыны.
08 маусым 2018 ж. 1 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам