ЖЫЛАННЫҢ КЕСІЛГЕН БАСЫ ШАҒЫП АЛҒАН ЕР АДАМ ӘРЕҢ ДЕГЕНДЕ АМАН ҚАЛДЫ
Улы жыланның басын кесіп тастасаңыз да шаға алады. Оның уыты да күшті болады.
Техас тұрғыны осындай жайтты басынан өткерді. Әйелі Дженнифер Сатклиффтың айтуынша, күйеуі 27 мамыр күні бақша қазып жүріп жылан тауып алады. Жыланның ұзындығы 7 метрге жуық.
Ол күректі алып жыланның басын кесіп жібереді. Кейіннен жыланның екінші бөлігін лақтырып тастамақ болғанда, кесілген басы оны шағып алады.
Күйеуінің бірден көзі көрмей, іші ауырып, қинала бастаған.
Әдетте уды қайтару үшін 1-2 дәрі жеткілікті екен. Ал, күйеуі 26 дәрі ішкен.
Бірінші күні дәрігерлер оның өмір сүріп кетеріне күмәнмен қарайды. Алайда науқас қазір сау күйде.
Мамандардың айтуынша, жыландардың шағып алу рефлексі басы кесілген жағдайда да 1 сағатқа дейін сақталуы мүмкін.