Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

   Кеше Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен департаментке қарасты мекемелерінің бұқаралық ақпарат құралдарына жауапты мамандарына арналған оқыту семинары өтті.
 Бұқаралық ақпарат құралдарына жауапты мамандарға арнайы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникация қызметінің бас маманы А.Қабақов, «Қызылорда» телеарнасының редакторы А.Байдүйсенова, «Әлімсақ» журналының бас редакторы Н.Көбегенұлы дәріс өткізді. Семинарға мекеме бастықтары, мекеме бастықтарының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары және Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Г.Қайырбергенова, Төтенше Жағдайлар департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы А.Нұрманова да қатысты. Семинарды Департамент бастығы Ғ.Отарбаев ашып, құқық қорғау органдарының  имиджін көтеруде, ашықтығын, шынайлығын қамтамасыз етуде бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болуының маңызы зор деді.
Бүгінгі оқыту семинары  БАҚ қызметкерлеріне Бұқаралық ақпарат құралдарымен коммуникациялық дағдыны қалыптастыруда  және өзара ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу мақсатында өткізіліп отырғандығын, осындай семинарды алдағы уақытта да өткізіп тұру қажет деп есептеймін деп сөзін аяқтады. Келесі сөзді Қызылорда облысының өңірлік коммуникация қызметінің бас маманы А.Қабақов алып, баспасөз – конференциясы мен  брифингті қандай мақсатта  ұйымдастыратынын, не туралы айтылатыны, шамамен қанша адам қатысатыныны туралы толық мағұлмат бере отырып,  қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. «Қызылорда» телеарнасының редакторы А.Байдүйсенова Баспасөз парағын және анонсты қалай құрастыру керек  деген тақырыпқа тоқталды. Баспасөз парағы  ақпараттық мақала ретінде құрылатынын, алты маңызды сұрақтарға жауап беру керек деді. Анонс – баспасөз парағына ұқсас бірақ ол алда болатын оқиғаның немесе шара жайлы жазылады. Баспасөз парағы мен анонстың ерекшелігі мұнда байланыс телефондары, мекенжай көрсетіліп, қысқа жазылады деп, телеарна тұрғысында қойылған сұрақтарға жауап берді.  Одан соң «Әлімсақ» журналының бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң шеңберінде ақпарат алмасу жолдары» тақырыбында БАҚ туралы Заңының  баптары бойынша ресми хабарларды , міндетті хабарлар, сұрау салулар , теріске шығару не жауап беру құқығы , журналистердің міндеттері туралы  толық мәлімет берді.
Семинар соңы қатысушылар тарапынан БАҚ өкілдеріне сұрақтар қойылып, пікір алмасумен аяқталды.
Д.Достанова 
Қызылорда облысы бойынша  Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті
15 маусым 2018 ж. 1 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам