ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАРДЫҢ ТАРТУЫ
Алтын дән бітік шығып, алтын астықты қамбаға молынан құйған Қармақшы ауданы еңбеккерлері жаз бойғы еңбектерінің нәтижесін қызылордалықтарға да паш етті.
Бүгінгі жәрмеңкеде 65 көліктен жалпы құны 12 млн 175 000 мың теңгені құрайтын 111 тонна ауылшаруашылық өнімдері сатылды. Соның ішінде 2 тонна балық, 2 тонна ет, 25 тонна күріш, 8 тонна көкөніс, 5 тонна картоп, 18 тонна мал азығы, 15 тоннадан қауын-қарбыз, тағы басқа барлығы 14 түрлі ауылшаруашылық өнімі ұсынылды. Жәрмеңкені облыс әкімі Қ.Көшербаев аралап, халыққа ұсынылған өнімдердің сапасы мен бағаның тұтынушыларға қолжетімділігін тексеріп шықты. Бүгінгі жәрмеңкеде сапалы өнімдерге қойылған тиімді бағалар мен арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарлама жәрмеңкеге келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.