Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МИЛЛИОНДАҒАН ШАҚЫРЫМНЫҢ МЕЖЕСІ

МИЛЛИОНДАҒАН ШАҚЫРЫМНЫҢ МЕЖЕСІ

    Жұмыс барысында Жалғасбек ағаны жиі көреміз. Алпыс жастың асқарына шыққан ол кісі өзінің қарапайым қалпынан таңған емес. Қай кезде де үлкендік қасиетін көрсетеді. Жастарға ақыл-кеңесін береді.
Ол кісі бір мекемеде табандай 36 жыл жұмыс істегенің естігенде таңғалыс білдіргеніміз рас. Үстіміздегі жылы 63 жасқа толып, зейнет демалысына шықты. Әлі де екбектен қол үзген жоқ. Қырық жылға жуық көлік жүргізушісі болғанымен талай жақсы мен жайсаңмен дидарласты. Журналистика саласының майталмандарымен емеса-жарқын араласты. Облыстық қос басылымның тарихын сұрай қалғандай кейде сол кісіге сыр тартып жатамыз. Кейіпкеріміз – Жалғасбек Сапаров қолына қалам алып, журналистика саласында еңбек еткен жоқ. Десе де осы саланың дамуына тигізген пайдасы аз емес.
Жалғасбек ағаның көлік жүргізгеніне қырық жылға таяу уақыт болды. Айналасындағы ұжымдастары көлігі сыр берсе, ол кісінің көмегіне жүігініп жатады. Ағамыз бұрынырақта құрылыс саласында да жыл еңбек еткен.
Оның көлікке деген қызығушылығы сонау балалық шақтан басталады. Мектепті тәмамдаған ол көлік жүргізушісі курсын аяқтамастан жұмысқа орналасты. Еңбек етіп жүріп көліктің қыр-сырына қанықты.
– Ең алғаш басқарған көлігім әлі есімде. Менің алғаш жүргізген көлігім – «Волга» еді. Мектептен көлік жүргізушісі мамандығын алып шыққаннан кейін уақыт жоғалтпай жұмысқа орналастым. Содан бері газет тілшілерін, редакторларын тасып келемін. Бұрынғы «Путь Ленина» (қазіргі «Кызылординские вести») газетінің бірнеше бас редакторын тасыдым, – дейді ол.
Жалғасбек аға осы уақытқа дейін көліктен қол үзген емес. Миллиондаған шақырымды артқа тастаған көлік жүргізушісі биыл зейнетке шықты. 1981  жылы София есімді құдай қосқан қосағымен шаңырақ көтереді. Жары София Алиханова құрылысшы-инженер. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп, немерелерінің ортасында. «Адам ұрпағымен өсіп-өңеді» демекші, өнегелі отбасы екі ұл, екі қыз өсірді.
Жалғасбек аға еңбек жолында Василий Валиленко, Евгений Хан, Владимир Ли, Игорь Корнилов, Қасым Иманбердиев, Тимур Қасымов сынды бірқатар басшылармен жұмыс істеген.
– Олардың арасында Евгений Ханға 14 жыл жүргізуші болдым. Бұл менің еңбек жолымда ұзақ уақыт бір басшыны тасығаным болып есемтеледі, – дейді ол.
Айта кетейік, кейіпкеріміз құрылысшы, жүргізуші, сонымен қатар электрик. Бірнеше кәсіпті жете меңгерген ол кісінің қызметіне жүгінетіндер көп. Алайда ол мұны аранйы кәсіп еткен емес. Қолынан келсе көмектесуге әзір.
                                                                                    Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
26 маусым 2018 ж. 1 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам