Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЛЕМНІҢ 67 ЕЛІНІҢ АЗАМАТТАРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ВИЗАСЫЗ КЕЛЕ АЛАДЫ

ӘЛЕМНІҢ 67 ЕЛІНІҢ АЗАМАТТАРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ВИЗАСЫЗ КЕЛЕ АЛАДЫ

   Қазақстан 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімдегі туризм саласының үлесін 8 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ішкі жалпы өнімдегі туризм саласының үлесін 2016 жылғы 1 пайыздан 2025 жылы 8 пайызға дейін жеткізу сынды ауқымды мақсат қойылып отыр», - деді ол.
Оның айтуынша, еліміз ЭКСПО халықаралық көрмесін өтеу арқылы туризм саласында оң тәжірибе жинай алды.
«ЭКСПО кезінде Қазақстанға 7 миллионнан астам адам  келді. Бұл оның алдындағы жылдан 18 пайызға жоғары көрсеткіш. Ішкі туризм ағыны 20 пайызға өсті. Әрбір турист ел экономикасына бір келгенде 50-ден 350 долларға дейін қаражат қалдыруда», - деді министр.
Осы қарқынды сақтау мақсатында жыл басынан бері электронды виза енгізу жұмыстары жүргізілді. Әлемнің 67 елінің азаматтары туристік мақсатта Қазақстанға визасыз-ақ келе алады.
«2018 жылдың соңына дейін Алматы мен Астана арқылы өтетін ҚХР мен Үндістанның азаматтары үшін 72 сағаттың визасыз транзит енгізілді. Аталған режимнің таяуда ғана енгізілгенін (ҚХР азаматтары үшін қаңтардан, Үндістан үшін сәуір айынан) ескерсек, ҚХР мен Үндістаннан транзиттік жолаушылардың ағыны 9,8 мыңға жуық адамды құрап, олардың әрқайсысы ел экономикасына кемінде 350 доллар қалдырды», - деді ол.
Министрдің айтуынша, Қазақстанның республикалық туристік картасының жобасы әзірленді.
«Біз жобаны жүзеге асыру кезінде туристердің ағынын жылына 13 миллион адамға дейін жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Мұнан бөлек, 5,8 млрд доллар тікелей инвестиция тартылып, 64 мың тұрақты жұмыс орны құрылады», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
30 маусым 2018 ж. 1 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам