БАБАЛАРДЫҢ КӨЗІНДЕЙ ҚАСИЕТТІ ДОМБЫРА
Үстімізегі жылы 1 шілдесінде Ана мен бала орталығында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» атты акциясы өткізілді. Оған облыстық ҚХА, денсаулық сақтау басқармасы, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысады.
Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова құттықтау сөз сөйлеп, 1 шілде сағат 00.00-де өңірімізде бірінші болып дүние есігін ашқан нәрестеге арналған ұлттық домбыра аспабын және сəбидің анасына «Айналайын» естелік тілегін салтанатты түрде табыстады.
Сондай-ақ, домбыраның маңыздылығы туралы мәтінімен естелік тілегін білдірді. Бұл сыйға төртінші сəбиін дүниеге əкеліп отырған Сəрсенбаева Əйгерім ие болды. Жаңа туылған нəрестеге Жанрабатшах есімі берілді.
Сондай-ақ, ҚХА жанындағы аналар Кеңесі төрайымы Раиса Смаханова арнайы құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстанның жаңа азаматының өмірге келуімен ата-анасын құттықтады.
Елімізде тұңғыш рет аталып өткелі отырған Домбыра күнімен туған күнінің тұспа-тұс келуі баланың рухани қалыптасуына маңызды өмірлік бастама, жақсылық белгісі болмақ.
Ертеден қалыптасқан қағида бойынша нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деп айтылады. Домбыра – әкеден балаға, ұрпақтан-ұрпаққа қалатын асыл мұра екенін ұмытпауымыз қажет!
Облыстық ҚХА-ның баспасөз қызметі