АУЫЛ ДИҚАНДАРЫ КҮРІШТІ ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРАДЫ

Оның 10 мыңы тұқым үшін зауыт қоймасына құйылды. Күріштің ақталғаннан кейінгі шығыны 60 пайыз, кейде одан да жоғары көлемді құрайды.
Бұл біздің серіктестіктегі жұмыс тиімділігінің жоғары сапалы деңгейде екенін аңғартады. Біздің өндірісте тұтынушыларға жақсы мәлім Ресейдің «Янтарь», «Лидер», «Фаворит», сондай-ақ түріктің «Османчик» сорттары өсірілді. Өнімнің жартысы Қазақстанға, екінші жартысы Қырғызстанға, Тәжікстанға, Ауғанстанға, Моңғолияға, Әзербайжанға және Украинаға жөнелтіледі. Олардың соңғысы қалталанған ақұсақ сатып алады. Бұл өнім азық-түлік дүкендерінде үлкен сұранысқа ие болып отыр, – дейді – дейді серіктестік директоры Мағжан Ералиев.