ТҮСІНДІРМЕ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасына, тиісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған» ұйымдастырушылық жұмысшы тобымен қала аумағындағы шағын және орта бизнес өкілдеріне түсіндірме жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстары барысында «Alser», «Азамат», «Сұңқар», «Ажар», «Торғай», «Ақниет», «Мирас», «Тұран», «Сұлтан», «Ыдыстар үйі», «Бірлік», «Қасиет» сынды сауда орындары қамтылды. Жұмысшы топ алғашқы кезекте шағын және орта бизнес өкілдеріне, оның ішінде дәмхана, сұлулық салоны, монша секілді өзге де жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелу, өз тарапынан жұмыспен қамтып отырған азаматтармен келісім-шарт жасау және жұмыскерлеріне міндетті зейнетақы жарналарын аудару қажеттігі жөнінде түсіндірме-кеңестер берілді. Шара барысында жұмысшы тобы үш топқа бөлінді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ы, қалалық кірістер басқармасы мамандарыосы бағытта тиісті іс-шараларды қолға алды.