МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕДЕГІ МЕЗІРЕТ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми кітапханада Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалы ұйымдастырды. Мерекелік кешке «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, сала ардагерлері, мемлекеттік корпорация қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде филиал директоры Айдын Қайруллаев жиналған қауымды мемлекет символы, асқақ абыройымыздың айғағы – Астананың мерейлі тойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
– Бұл мереке ел игілігі үшін жасалатын барлық бастамалар мен жаңашылдыққа сенімділік береді. Алдағы уақытта Елордамыз одан әрі өркендеп, көптеген игілікті істердің жүзеге асуына ұйытқы болады деген сенімдеміз, – деді филиал директоры.
Шара барысында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың және филиал директорының алғыс хатымен 40-тан аса сала үздігі мен БАҚ өкілдері марапатталды.
"Ақмешіт-ақпарат".