ҚАЛАДА ҚҰРЫЛЫСШЫҒА СҰРАНЫС ЗОР
Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Осы уақытқа дейін бөлім мамандарының ықпалымен 3,5 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Қалада ай сайын жәрмеңке өткізу бұл бағытта оң нәтижесін беріп отыр.
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенттер сарайында өткен шараға қала бойынша 30 мекемеден алдын ала 380 бос орынға сұраныстар келіп түсті. Оның ішінде құрылысшылар, механизаторлар, агрономдар, күзетшілер, жүргізушілер, аспазшы, зоотехник, қойма меңгерушісі, токарь, дәнекерлеуші, электрик, бухгалтер, мұғалімдер (ағылшын тілі, физика), лаборант, экономист бар.
– «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес ай сайын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде. Аймақ экономикасының нығаюына ықпалы зор, тұрғылықты халықты тұрақты еңбекпен қамтуды көздеген шара алдағы уақытта жалғасын таппақ, – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметова.
Жәрмеңкеге келушілердің басым бөлігін “zhasproject” жобасы қызықтырды. Тың бастама 14 – 29 жас аралығындағы жастарды қамтиды. Жобаның шарты бойынша қатысушылар өздерінің әлеуметтік жобасын ұсынуы тиіс. Ұсынылған бастамаларын 6 ай бойы білікті мамандардан кеңес алу арқылы дамытып, жаңа табыс және жеке бизнес түріне айналдыруы шарт. Шарада жастарға арналған өзге де жобалар туралы жастар ресурстық орталығының маманы Сәдірбек Жұмабеков арнайы мәлімдеме жасады.
Жыл басынан бері жетінші рет ұйымдастырылған жәрмеңкеге 100-ге жуық қала тұрғыны қатысып қатысып, түрлі сала бойынша жолдама берілді.

Биболат Сағындықұлы